• Басты
  • «Нұр Отан» партиялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты меморандумдар жасады
27 Наурыз, 2014 09:00

«Нұр Отан» партиялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты меморандумдар жасады

«Нұр Отан» партиясы мен «Қазақстан Азаматтық альянсы» ЗТБ, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Ардагерлер ұйымы мен «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің арасында партиялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты әріптестік туралы Меморандумдар жасалды.
«Нұр Отан»  партиялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты меморандумдар жасады

«Нұр Отанның» баспасөз қызметінде хабарлағандай, партия хатшылары Эльдар Сыздықов пен Құмар Ақсақаловтың үкіметтік емес ұйымдардың бірқатар басшыларымен өткізген кездесуінде 12 партиялық, оның ішінде «Сәтті қадам», «Жастар ауылға», «Айқын тариф», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық» және басқа жобаларды жүзеге асырудың мәселесі талқыланды. 

«Партиялық жобаларды жүзеге асыру партия қызметінің негізін құрайды. Бұл бір күндік қана акция емес, 900 мыңнан астам партиялықтардың - жергілікті жерлердегі филиалдардың, барлық деңгейдегі депутаттардың, партиялық кураторлардың, «партиялық бастауыш ұйымдардың» тынымсыз еңбегі. Біз үшін бұл жұмысқа неғұрлым көп қазақстандықтардың тартылуының маңызы зор. ҮЕҰ жұмысының тәжірибесі де өте маңызды», - деп атап өтті Құмар Ақсақалов. 

«Нұр Отан» партиясы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтауға, қоғамдағы ынтымақтастық, отаншылдық, дәстүр мен үлкенді сыйлау сезімін нығайтуға бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүзеге асырып келеді.

 Жоба шеңберінде кешенді шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, егде адамдардың жинаған тәжірбиесі мен алған білімін жас ұрпаққа үйрететін түрлі алаңдар құру жоспарланып отыр.

 «Нұр Отан» партиясының қатардағы мүшелерінен тұратын еріктілері мен «Жас Отан» белсенділерінің әр ардагермен жүргізетін күнделікті жұмысы пікір алмасудың жандануына мұрындық болады.  Мысалы, «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері  Интернациональный поселкісінде тұратын еңбек тылының майдангері Бағила Адиқановаға барып қайтты. Жастар бірнеше сағат бойы ардагердің ауласын жинап, үйінің ішін әрлеу жұмысына қолғабыс тигізді.

 Оның сыртында жоба шеңберінде егде адамдарды белсенді әлеуметтік өмірге араластыруға байланысты жұмыстар жасалды. Ол интернетте жұмыс істеудегі компютерлік сауаттылыққа оқытатын семинарлар. 

Атап өткеніміздей 2014 жылы «Нұр Отан» нақты әлеуметтік топтардың мәселесін - ардагерлер, егде адамдар, мүгедектер, жастар, балалар, аналар мен бизнестің мәселелерін   шешуге бағытталған 12 ірі партиялық жобаны жүзеге асыруда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды