- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 250 адамды қабылдайтын емхана ашылды
СҚО-да 250 адамды қабылдайтын емхана ашылды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықова мен ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова бір ауысымда 250 ауруды қабылдайтын М.Жұмабаев (Булаево) ауданында салынған емхананың ашылу салтанатына қатысты. Аталмыш емхана «350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшер-акушерлік пунктілер мен емханалар» жобасының шеңберінде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен салынған.
Облыс әкімдігі нақтылағандай, жобаның құны 1,4 млрд теңгені құрады, заманауи медициналық құрал-жабдық және жиһазға 489,967 млн теңге кетті.
Аудан тұрғындарымен, медицина қызметкерлерімен әңгіме кезінде С.Қайырбекова медициналық санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жұмысын түбегейлі өзгертіп, МСАК ұйымдары қызметінің ең негізгі қызметі ретінде профилактикаға назар аудару қажеттігін атап өтті.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы нәтижесінде МСАК-тің кадрлық мүмкіндігі нығайып, учаскелік дәрігерлер мен жалпы тәжірибелі дәрігерлер қатары артып келеді. Қазіргі таңда іс жүзінде әрбір МСАК дәрігеріне 2 орта медицина қызметкерінен келеді. Денсаулық сақтау мәселелері бойынша әлеуметтік тапсырыстарды орындайтын үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) тартылуда, МСАК-ке психологтар, әлеуметтік қызметкерлер бөлінген», - деп басып айтты Денсаулық сақтау министрі.
Бұдан өзге, жұмыс сапары барысында Үкімет делегациясының өкілдері облыстық кардиологиялық орталыққа барып, медициналық мекеменің жұмысымен танысып, медициналық құрал-жабдықтарды қарап шығып, ұжыммен кездесті.
Сондай-ақ, сапар барысында облыстағы денсаулық сақтау қызметіндегі 2014-2016 жылдарға арналған мақсатты көрсеткіштер мен түпкі нәтижеге жету туралы меморандум жасалды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды