- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдік БАҚ ҚР Президентінің Гаагадағы Саммиттегі сөзінен дәйексөздер келтірді
Шетелдік БАҚ ҚР Президентінің Гаагадағы Саммиттегі сөзінен дәйексөздер келтірді
Синьхуа: «Украинадағы жағдай Еуразиялық экономикалық кеңес құруға әсер етпейді – Қазақстан президенті»
«Гаагадағы ядролық қауіпсіздік бойынша саммит қорытындысында сөз алған Қазақстан Президенті интеграцияның кедендік кедергілерді алып тастау мен елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Бұл жағынан Қазақстанның толықтай сындарлы мүддесі бар».
«Қазірде интеграциялық процесс алға жылжи бермек. Бұл бір жағынан біздің тәуелсіздігімізді нығайту мен осы жылдарда қалыптастырған саясатымызды күшейтудің мәселесі болып табылады», - дейді Н.Назарбаев».
«EurActiv.com» ресурстық порталы:
«Қазақстан толықтай МАГАТЭ-нің пікірімен толықтай келіседі. Аталмыш мәселенің шешімі атом электр станциясы үшін жоғары байытылған уранның кепілдендірілген көлемін тоқтатумен байланысты. Бұл өз кезегінде біздің елдің аумағына құруға рұқсат беріп отырған МАГАТЭ-нің ядролық жанармайы халықаралық банкін құру мақсатында да қолға алынады.
Ядролық нысандарда қауіпсіздік шараларын құруда айтарлықтай тәжірибеге ие уран өндіруде әлемдік көшбасшы ел ретінде Қазақстанның аталмыш салада айтары бар. Біз азаматтық секторда атом технологиясын дамытуды жоспарлап отырған ядролық державалардың барлығымен жақсы қатынас құрдық», - деген Елбасының сөзін береді ресурстық портал.
Interfax.by: «Терроризммен күрес бейбіт атомға мемлекеттік құқықты шектемеуі керек, дейді Назарбаев»:
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гаагада ядролық қауіпсіздік бойынша саммиттің пленарлы отырысына қатысты, дейді мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Өз сөзінде Н.Назарбаев республика жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосып келе жатқанын айта келіп, осы орайда күш салуы керек негізгі бағыттарды айқындады, делінген хабарламада.
Солардың бірі ретінде толықтай және жаппай ядролық қарусыздану болып табылады. Бұл ядролық қауіпсіздіктің біріңғай кепілі екені анық. Қазақстан Президентінің тағы бір айтары ядролық терроризмге қарсы тұру мен оның негізін жою.
«Сонымен қатар, терроризмге қарсы компания бейбіт атомға мемлекеттік құқықты, технология мен құрылғылармен алмасуға, тәжірибе және біліммен алмасу шарасын шектемеуі керек. Қазақстан АЭС үшін ядролық жанармайдың толық циклін өндіруді дамыту мен атом станцияларын салуды жоспарлап отыр», - деп береді Н.Назарбаевтың сөзін баспасөз қызметі».
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу