- Басты
- Жаңалықтар
- Мюнхенде Бавариядағы Қазақстанның экономикасы күні өтті
Мюнхенде Бавариядағы Қазақстанның экономикасы күні өтті
Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, шараның басты мақсаты қаңтар айындағы Елбасының Жолдауы шеңберінде неміс инвестициялары мен технологияларын Қазақстан экономикасына тарту бойынша Бавариямен ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Іс-шараға федералдық жерлердің ресми және экономикалық топтарының 200-ден аса өкілдері, сондай-ақ Баварияда орналасқан ірі концерндер мен компаниялардың басшылары қатысты.
Өз сөзінде Германиядағы Қазақстан Елшісі Нұрлан Оңжанов қатысушыларға Қазақстан экономикасы дамуының өзектілігі және елдегі қолайлы инвестициялық жағдай туралы, сонымен қатар 2010-2014 жылдарға арналған ҚР индустриалдық-инновациялық тездетілген дамуы Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстан Үкіметінің қол жеткізген аралық нәтижелері туралы хабардар етті. Ол Баварияның іскер топтарын Қазақстанмен өзара тиімді әріптестікті тереңдетуде және кеңейтуде қолда бар мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайларды белсендірек қолдануға шақырды. Елшінің пікірінше, Қазақстан үшін отандық экономикаға жаңа технологиялар мен ноу-хау трансфертін қарастыратын, қазақстандық білікті техникалық мамандарды даярлайтын қазақстандық экономиканың басым салаларындағы бірлескен инвестициялық жобалар ерекше қызығушылық тудыруда.
Экономика күні шеңберінде өткен "Шикізат, өндірістік және технологиялық әріптестіктің, сондай-ақ жобалық-инжиниринг қызметі саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен болашағы" тақырыбындағы панельдік пікір-талас барысында Қазақстан мен Германия арасындағы тиімді шикізат, индустриалдық және технологиялық әріптестікті әрі қарай реттеу мәселелері талқыланды. Бавариялық қатысушылар Германияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстанның маңызды рөлін, сонымен қатар Қазақстанның қазақстандық экономиканы жаңарту және индустриаландыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты неміс жоғары технологиялық компанияларына ұсынып отырған мүмкіндіктерін атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары