- Басты
- Жаңалықтар
- АҚХА-ның Венадағы штаб-пәтерінде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі конвенцияға мүше мемлекеттердің VI Шолу кездесуі ашылды
АҚХА-ның Венадағы штаб-пәтерінде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі конвенцияға мүше мемлекеттердің VI Шолу кездесуі ашылды
Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, екі апта бойы аталған конвенцияға қол қойған 76 мемлекеттің конвенция ережелерін орындауына шолу жасалып, ядролық қауіпсіздікті нығайту бойынша ұсыныстар енгізіліп, Жапониядағы «Фукусима-Дайичи» АЭС-да орын алған апат салдарын жоюға байланысты және т.б. мәселелер қарастырылатын болады.
Шолу кездесуі шеңберінде Қазақстан Республикасы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі конвенцияны орындау бойынша төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау мен қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің қатысуымен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Атом энергиясы комитеті дайындаған өзінің алғашқы ұлттық баяндамасымен таныстырады.
Баяндамада Конвенция ережелерінен туындайтын Қазақстан міндеттерінің әр бап бойынша орындалуына сипаттама берілген.
VI-шы Шолу кездесуі жұмысына Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай басшылығымен Қазақстан Республикасының делегациясы қатысуда.
77 мемлекет енген Ядролық қауіпсіздік жөніндегі конвенция 1994 жылғы 17 маусымда қабылданып, 1996 жылғы 24 қазанда күшіне енді. Құжат АҚХА-ның іргелі ұстанымдарына негізделген атом саласына ерікті талаптарды белгілейді.
Қазақстан Республикасы Конвенцияны 2010 жылғы 3 ақпанда бекітті.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы