- Басты
- Жаңалықтар
- Мысырда Наурыз меркесі тойланды
Мысырда Наурыз меркесі тойланды
Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, Мысырда Наурыз үшінші жыл қатарынан өткізілуде. Бұл жылы мерекені атап өтуге 1000-нан аса адам, солардың ішінде Мысыр мемлекеттік органдарының жоғары лауазымды тұлғалары, қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлер, Мысырда тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық миссия басшылары мен қызметкерлері, іскер топ және БАҚ өкілдері жиналды.
Салтанатты шараны сәлемдесу сөздерімен жоғарыда аталған елдердің елшілері ашты. Өзінің құттықтау сөзінде еліміздің Мысырдағы ҚР Елшісі Берік Арын Қазақстанның көпұлтты халқының барлығы тойлайтын бұл көктемгі мереке еліміздегі татулық пен келісімді, саяси тұрақтылықты нығайтуға, қызмет ететінін атап өтіп, Наурыз мейрамының тойлану дәстүрі мен тарихы туралы айтып берді. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттің қарқынды экономикалық дамуына негіз болады.
ҚР Елшілігі мереке өткен аумаққа киіз үй тігіп, дәстүрлі қолөнер бұйымдары мен кәдесыйлар көрмесін ұйымдастырды және ыдыс-аяқ пен ұлттық киім үлгілері көрсетілді. Бағдарламаның концерттік бөлігінде мысырлық жоғарғы оқу орындарда білім алушы қазақстандық студенттерден құралған жастар тобы домбырамен қазақтың күйлері мен «Қара жорға» биін орындады. Қонақтарға халқымыздың ұлттық тағамдары, соның ішінде «наурыз көже» ұсынылып, Қазақстан халқының мәдениеті мен тұрмысы жөнінде жазылған буклеттер мен басқа да баспасөз өнімдері, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық бастамалары туралы жазылған брошюралар, қазақ авторларының әдеби кітаптары таратылды.
-
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
Карантин.30-наурыздан бастап қала ішіндегі шектеу қатаңдатылды (ВИДЕО) -
Коронавирус. 26-наурызда 109 жағдай расталды -
Дональд Трамп Қ.Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады -
Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамымен құттықтады -
Наурыз мейрамын қалай мерекелеп жүрміз -
Коронавирус. 20-наурыздағы жағдай -
22-наурыздан бастап елордаға кіріп-шығуға толығымен шектеу қойылады – Б.Макен -
Коронавирус. 19-наурыздағы жағдай