- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық балуандар қазақ күресінен ІІ Әлем кубогы, VIII Азия Чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуандар қазақ күресінен ІІ Әлем кубогы, VIII Азия Чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды
Дүбірлі додада ел намысын Қазақстан Ұлттық Құрама командасының еліміздің әр өңірінен жинаған 25 спортшысы қорғады. Сонымен қатар Үндістан, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Латвия, Литва, Армения, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Қырғызстан, Беларусь, Польша, Ирак, Йемен, Палестина, Пәкістан және Греция елдерінің командалары қатысты.
«Біз қазақ күресінен Әлем кубогына қатысқандарыңызды ұлттық күресімізге деген құрметтеріңіз деп түсінеміз. Сондай-ақ Әлем кубогының Қазақстанда, оның ішінде Қарағандыда тұңғыш рет өткізіліп отырғаны да біз үшін үлкен мақтаныш екендігін айта кеткім келеді», - деді Әбілғазы Құсайынов байрақты бәсекенің ашылу салтанатында.
II Әлем Кубогында Қазақстан спортшылары 5 медальды олжалады, оның 3-і алтын, 1 күміс және 1 қола.
Алтын медальды Асылхан Бәрменов (Қарағанды облысы), Ардак Құлжанов (Тараз қ.) және Қуаныш Мұратов (Шығыс Қазақстан облысы) қанжығасына байлады.
Ал, биылғы жылы Қазақстан барысы атанған жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев күміс, қарағандылық Бауыржан Әбілқас қола медальды жеңіп алды.
III Азия Чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 алтын және 6 қола медальға қол жеткізді.
Медет Әдіханов пен Бекзат Ахметбеков (екеуі де Қарағанды облысынан), Ғұсман Қырғызбаев (Алматы), Қуаныш Искаков пен Бекзат Манасбаев (екеуі де Шығыс Қазақстан облысынан), Бегімхан Әділбеков (Жамбыл облысы) және Максим Герберт (Қостанай облысы) алтын медальдың иегері атанды.
Ал, қола медаль Талғат Шегенов (Қостанай облысы), Ғани Келдыкұлов (Алматы қ.), Бақдәулет Төлегенов (Кызылорда облысы), Ерлан Естек (Астана қ.), Еркебұлан Нұрахметов пен Мұхит Тұрсыновтарға (екеуі де Шығыс Қазақстан облысынан) бұйырды.
Белдесу барысында қазақ күресінің бүкіләлемдік федерациясының президенті Серік Төкеев қазақ күресін дамытуға қосқан сүбелі үлестері үшін Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов пен Қарағанды облысының қазақ күресі федерациясының президенті Виктор Лимге алтын орден тапсырды. Ал, Қазақстан Республикасының спорт және дене тәрбиесі Агенттігінің өкілі спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Виктор Лимді арнайы төсбелгімен марапаттады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек