- Басты
- Жаңалықтар
- МСАК ұйымдарының негізгі қызметі ауруды емдеуге емес, олардың алдын алуына бағытталуы тиіс – С. Қайырбекова
МСАК ұйымдарының негізгі қызметі ауруды емдеуге емес, олардың алдын алуына бағытталуы тиіс – С. Қайырбекова
Аудан тұрғындарымен, медицина қызметкерлерімен әңгіме кезінде ҚР денсаулық сақтау министрі Елбасының отандық медицина қызметкерлеріне жауапкершілігі мол медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) дамуына басымдық беру туралы тапсырма бергендігін айтты, деп Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Осыған орай МСАК жұмысын түбегейлі өзгертіп, МСАК ұйымдары қызметінің ең негізгі қызметі ретінде профилактикаға назар аудару қажет. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін, МСАК ұйымдарының негізгі қызметі аурудың алдын алуға емес, оларды емдеуге бағытталып келеді.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы нәтижесінде МСАК-тің кадрлық мүмкіндігі нығайып, учаскелік дәрігерлер мен жалпы тәжірибелі дәрігерлер қатары артып келеді. Қазіргі таңда іс жүзінде әрбір МСАК дәрігеріне 2 орта медицина қызметкерінен келеді. Денсаулық сақтау мәселелері бойынша әлеуметтік тапсырыстарды орындайтын үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) тартылуда, МСАК-ке психологтар, әлеуметтік қызметкерлер бөлінген.
Ақпараттық сүйемелдеу жүйесі, амбулаториялық қамтамасыз ету, сапаны қадағалайтын ішкі аудит, нәтижелі еңбек үшін ынталандыру жүйесі енгізілген. МСАК мамандарының біліктілігін жоғарылату мақсатында едәуір қаражат бөлінеді.
Бүгінде МСАК қызметінің ең негізгісі МСАК дәрігері болуы тиіс. Әр МСАК дәрігері өз пациентін, әр пациент өз дәрігерін танитындай дәрежеге қол жеткізу керек.
МСАК дәрігерінің жұмыс жасау принципін өзгертіп, орташа медицина қызметкерлеріне, психологтарға, әлеуметтік қызметкерлерге, ҮЕҰ-ға дәрігерлерге тән емес жұмыстарды атқаруға барынша құқық беру қажет.
С. Қайырбекова денсаулық сақтау басқармасы тұрғындардың арасына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, науқастар үйге шақыртқан кезде дайындығы бар орташа медқызметкерлерді тартуына, мейіргерлердің өз еркімен қабылдауын қамтамасыз етуіне мән беру керектігін айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда