- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Н.Нығматулин Жапонияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Тараптар қос мемлекеттің стратегиялық әріптес және өзара түсіністік деңгейінде жолға қойылған жоғары ынтымақтастық жағдайын сөз етті.
Сондай-ақ, халықаралық қауіпсіздік, соның ішінде ядролық қарусыздану және таратпау мәселелеріне де баса назар аударды.
Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саладағы бастамаларының маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.
Осы ретте Мәжіліс Төрағасы ядролық қауіпсіздікке байланысты Гаагада өткен Саммит Елбасы бастамасының заманауилығының тағы бір көрсеткіші екеніне көңіл бөлді, деп Мәжілісте хабарлады.
«Біздің елдеріміз ядролық қарудан жапа шеккен ел ретінде жаппай қырып жоюға соқтыратын қаруды таратпау және атомды бейбіт жолға пайдалану жолындағы жауапкершілікті сезінеді. Сондықтан, ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шарт халықаралық қауіпсіздік үшін өте маңызды,-деді Нұрлан Нығматулин.
Спикердің тағы бір атап өткені, Жапонияның жетекші энергетикалық компанияларымен өзара ықпалдастық. Соның нәтижесінде біздің еліміздің атом өнеркәсібі саласын үздік технологиялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды. Өз кезегінде Масаеси Камохара Жапония Қазақстанмен барлық бағытта әсіресе, атомды бейбіт жолға пайдалану мәселесінде етене байланыс жасауға дайын екенін жеткізді.
Елші Қазақстанның дамуын жоғары бағалап, жапондықтардың біздің елімізге деген қызғыушылығының жыл санап артып отырғанын жеткізді.
Осы ретте М. Камохара Президенттің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы зор мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді. Нұрлан Нығматулин аталған елдің энергетика саласындағы озық тәжірибесін ескере отырып, жапондық компанияларды ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.
Ал, сауда-экономикалық байланысқа келсек, қос тараптың да бұл бағытты одан әрі дамытуға қызығушылығы зор. 2013 жылы тауар айналымы 1,7 млрд. АҚШ долларынан асқан.
Қазақстан экономикасына тікелей жапондық инвестиция арқылы келген ішкі жиынтық түсім мөлшердегіден 6,2 млрд. АҚШ долларына артты.
Одан әрі парламентаралық қарым-қатынасты нығайту жайында әңгіме өрбіді.Кездесу иелері осы жолда бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің өзектілігін атап өтті.
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Ғылыми-зерттеудің әлемдегі және Қазақстандағы тенденциясы -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам