Қостанайда электромобильдер шығару жоспарлануда

26 Наурыз, 2014 15:20
Қостанайда Iveco өкілі Роман Смирнов пен Fiat компаниясының бизнес саудасын дамыту бойынша вице-президенті Юссеф Хаджастың AllurGroup компаниясының президенті Андрей Лаврентьевтің кездесуі өтті.

Кездесу барысында делегация қатысушылары әріптестік мәселесін, атап айтар болсақ «АгромашХолдинг» қостанай зауытының базасында электромобиль өндірісін қолға алу мүмкіндіктерін талқылады.

AllurGroup компаниясының президенті Андрей Лаврентьевтіңайтуынша, тиісті келіссөзге қол жеткізген жағдайда Iveco PowerDaily атты жеңіл коммерциялық электромобиль техникасы өндірісі қолға алынбақ.

«Қазіргі таңда әлемде электромобильдерге деген сұраныс артып келеді. Менің ойымша, Қазақстанда электромобиль өндірісін жолға қою – дамудың жаңа деңгейіне жетелейтін отандық автопромның ілгерілеуі жолында маңызды қадам болып табылады. Қостанай автомобиль зауытында Iveco электромобильдерін өндіру біздің елімізде экологиялық қауіптің алдын алып, автомобиль өндірісінде жаңа бағыт алуға мүмкіндік бермек», - дейді AllurGroup компаниясының президенті Андрей Лаврентьев.

Барлық жаңалықтар