- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ЕХӘҚМ басшысы СҚО-да әлеуметтік салада өткізіліп жатқан жұмыстары туралы айтты
ҚР ЕХӘҚМ басшысы СҚО-да әлеуметтік салада өткізіліп жатқан жұмыстары туралы айтты
ҚР ЕХӘҚМ хабарлағандай, ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндуру ақпараттық-насихаттық топ құрамында Солтүстік Қазақстан облысына барды. Топ құрамында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова бар.
Сапар бағдарламасында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралау, аудан әкімдері, әлеуметтік қызметкерлер, мемлекеттік орталық пен жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктерінің өткізген семинарларына қатысып, жергілікті жұртшылықпен кездесу бар.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Т.Дүйсеновамен мүгедектердің үкіметтік емес жұмыс ұйымы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушы мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмыспен қамтудың жеке меншік агенттіктері жетекшілерімен кездесуден басталды. Кездесу Петропавл қаласындағы «Нұр Отан» партиясының облыстық бөлімшесі ғимаратында өтті. Бәрінен бұрын әлеуметтік ведомство басшысы шараға қатысушыларға ҚР Президентінің 2014 жылғы Жолдауы мен 2014 жылдың 14 ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі туралы тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау барысында министр мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғаммен араласу жағдайына тоқталды.
Сонымен қатар, Т.Дүйсенова «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының негізгі бағыттары мен бағдарлама арқылы қолға алынған мемлекеттік бастамалардың кешенді шарасы туралы мәлімет берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары