- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ елдің 5 қаласында электронды билет жобасын енгізеді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ елдің 5 қаласында электронды билет жобасын енгізеді
«Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ фискалды электронды билет жобасын енгізудің қанатқақты нұсқасын шығарып отыр. Аталмыш билет салықтық заңнама тарапынан танылып, оның мойындалуы үшін белгілі бір процедуралар өткізілді. Мұның басты артықшылығы – барлық таспа электронды базада сақталып, қағаз билеттің жоғалып алған жағдайында жолаушыға ешқандай шығын келмейді», - дейді С.Никитенко.
Сонымен қатар, оның айтуынша, қанатқақты жоба Қазақстанның Алматы, Астанаға Ақтөбе, Орал мен Атырау қалаларында қолға алынбақ.
Қазігі таңда жоба төрт бағыт бойынша іске асырылуда: Алматы-Астана бағытының 01 және 02 поезы, Орал-Астананың 57 және 58 бағыты, Атырау-Алматының 77 және 78 бағыты мен Ақтөбе-Астананың 87 және 88 бағыты.
Компанияның хабарлауынша, компьютер арқылы билет ала отырып, жолаушы кассирге жүгінуге міндетті емес. Тікелей өз вагонына орналаса береді. Ал тіркеу кезінде жолсерік билетті мобильді терминал арқылы билетті тіркейді.
Ғаламтор арқылы темір жол билетін алу технологиясы Қазақстанда әлемдік тәжірибені ескере отырып қолға алынды. Билет қашықтықтан да алына береді. Ал қағаз нұсқасы принтер арқылы шығарылады. Ал жолаушының вагонға орналасуы электронды терминал көмегімен атқарылады.
«Осы орайда, біз дәстүрлі билет сату үлгісін де халықтың қызметіне ұсына бермекпіз. Алайда кассалар сатудың жаңа формасына көшіріледі. Бұл термолента деп аталады, оның ерекшелігі, жолаушы билетін жоғалтқан жағдайда қосымша ақы төлеуге міндеттелмейді. 2015 жылы аталмыш технологияны республикамыздың барлық жерінде орнатпақпыз», - дейді С.Никитенко.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы