- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның Қатон-Қарағай ауданында Шағырмашылық үй ашылды
ШҚО-ның Қатон-Қарағай ауданында Шағырмашылық үй ашылды
ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлағандай, нысанның құны 224,4 млн. теңгені құрады.
«Біздің мақсатымыз балаларға сапалы білім беру, олардың дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Яғни, олардың ертең Қазақстанның белді азаматы болуына және еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін олардың өзіндік үлес қосуына ықпал жасау. Бұл дегеніңіз – мәдениет, өнер, әдебиет және спорт», - деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.
Аймақ басшысы қатысушыларды наурыз мейрамымен құттықтап, оларға табыс тіледі және Шығармашылық үйіне үй кинотеатрын сыйға тартты.
Жаңа Шығармашылық үйінің символикалық «Алтын кілтін» оның директоры Шынар Құрмановаға «Асар Шығыс - Құрылыс» ЖШС басшысының орынбасары тарту етті. Жаңа шығармашылық үйінің бүгінде өзінің тәрбиеленушілері бар. Қазіргі таңда техникалық модельдеу үйірмесі жұмыс істейді, ал алдағы уақытта хореография, балет биі, тігін тігу, тоқыма тоқу, ұлттық ойындар, жас туристер үйірмесі сынды бірқатар үйірмелер ашылады. Тіпті биологиялық орталықта ашылады деп күтілуде. Бүгінде бұл үйірмелерге 150-ден астам мектеп оқушылары жазылуға дайын.
Айта кетерлік жайт, өткен жылы Үлкен нарын ауылында жаңа «Балбөбек» бала-бақшасы пайдалануға беріліп, «Күншуақ» бала-бақшасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарына 68 млн. теңге бөлінді. «Күншуақ» мектепке дейінгі мекемесіне 40 бүлдіршін барады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі 15 баладан тұратын арнайы топ ашылған. Наурыз мерекесіне орай облыс басшылығы балаларға кеңформатты телевизор тарту етті.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады