- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында екіжақты кездесулер өткізді
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында екіжақты кездесулер өткізді
Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен келіссөздер барысында біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық бағдарламалары аясындағы қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.
Бұған қоса, тараптар саммит жұмысының аралық нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерісіне қатысу аспектілерін қозғады.
МАГАТЭ Бас директоры Юкия Аманомен кездесуде Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттің күн тәртібіне енгізілген мәселелердің қорытындылары қозғалды.
Әңгімелесу барысында Қазақстанның МАГАТЭ қызметі аясындағы бастамаларына қатысты пікірлер алмасылды.
Сондай-ақ, біздің еліміздің ядролық қауіпсіздік қағидаттарын ілгерілету және ядролық қаруды таратпау үдерісіне қатысу мәселелері талқыланды.
Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Наваз Шарифпен кездесу кезінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық салалардағы өзара ықпалдастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін де қозғады.
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевпен әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және отын-энергетикалық ынтымақтастықпен қатар, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың негізгі бағыттарына қатысты пікір алмасулар болды.
Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін де қозғады.
Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Алиев өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйі мен халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттарын талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты