ҚР Президенті Ұлыбританияның Премьер-Министрімен кездесті

25 Наурыз, 2014 00:16
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесу барысында Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мұнай-газ салаларындағы екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейту бағыттарын қарастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дэвид Кэмерон халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін де қозғады. 

Барлық жаңалықтар