- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Жапонияның Премьер-Министрімен кездесті
ҚР Президенті Жапонияның Премьер-Министрімен кездесті
Ақордадан хабарлағандай, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мәселелері қозғалды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ өзара ықпалдастық аясын, атап айтқанда екі елдің бірқатар компаниялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жандандыра түсу үшін перспективалар бар екенін атап өтті.
«Мен Жапонияда сапармен екі рет болдым. Біз Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты нығайту туралы Сіздің идеяңызды қолдаймыз. Жапония – әлемдегі экономикасы ірі елдің бірі, Азиядағы біздің көршіміз. Соңғы уақытта қарым-қатынастарымыз арта түсті және бұл ретте біз барлық бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайынбыз. Өзара ықпалдастығымыздың негізгі саласы – энергетика, әсіресе ядролық энергетика. Қазақстан ірі уран өндірушінің бірі болып саналатындықтан, оны Жапониядағы атом стансаларына жеткізе алар еді», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен жобаның – Ақмола облысында сирек кездесетін металлдар өндіретін зауыт жұмыс істейтінін айтып өтті.
Бұдан бөлек, ол Қазақстанның индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында екі елдің арасында технологиялық және инновациялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне де назар аударды.
Өз кезегінде С.Абэ өткен жылы Санкт-Петербургте алғаш рет өткен G-20 саммитінен кейін екіжақты кездесуге мүмкіндік болғанына ризашылығын білдірді.
«Сіздің Жапонияға 2008 жылғы сапарыңыз экономикалық қатынастарды нығайтуға жақсы серпін берді, сөйтіп стратегиялық деңгейге қол жеткізілді. Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға елеулі көмек көрсетіп жатқанына ілтипатымыз бен ризашылығымызды білдіремін. Біз Сіздің еліңіздің Жапония және Орталық Азия өңіріндегі елдермен арада диалог орнатуға көмегі тиетініне де үміт артамыз», – деді С.Абэ.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды