- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев «Қазақстанның Нидерландтағы достары» Қазақстан-Нидерланд саяси клубының мүшелерімен кездесті
Н.Назарбаев «Қазақстанның Нидерландтағы достары» Қазақстан-Нидерланд саяси клубының мүшелерімен кездесті
Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Голландтық компанияларымен ынтымақтастыққа және өзара ықпалдастық саласын кеңейтуге мүдделілік бар екенін атап өтті.
«Нидерландтың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 30 миллиард АҚШ долларын құрайды. Өзара тауар айналымы 10 миллиард доллар деңгейіне жетіп отыр. Бұл – Еуропалық Одақ елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазір Қазақстан индустриялық-инновациялық бағдарламаны іске асыруда, оның аясында 500-ден астам кәсіпорын, 600 мыңдай жұмыс орны ашылды. Біз Голландтық компанияларды бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз. Еліміз мұнай-газ, түсті және қара металлургия, химия саласында өңдеуші кәсіпорындарды дамытуға мүдделі. Біз мұндай өндіріс үшін жеңілдіктер ұсынамыз және тиісті инфрақұрылым қалыптастырамыз. Ақпарат және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа да мүдделіміз», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Франция, Германия, Испанияның бірқатар ірі компанияларымен ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін атап өтіп, республика шетелдік инвестицияны көлемі жөнінен мейлінше көбірек тартатын 20 елдің қатарына кіретініне тоқталды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысына Қазақстан Президенті бейнеленген Голландтық жаңа пошта маркасы және «Президент Назарбаев» деп аталатын қызғалдақтың жаңа түрі таныстырылды, сондай-ақ Роттердам қаласы әкімдігінің «Астана» жаңа алаңын ашу туралы бастамасы жарияланды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Жолдаудағы саяси реформалар пакеті: Ауыл әкімдерін сайлау, партиялардың өту шегін төмендету, «барлығына қарсы» бағаны -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
Лaтын алфавитіне көшу: саяси және мәдени аспектілер -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті