• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен Шанхайда өтетін АӨСШК алдағы саммитінің негізгі аспектілерін талқылады

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен Шанхайда өтетін АӨСШК алдағы саммитінің негізгі аспектілерін талқылады

23 Наурыз, 2014 23:56
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен Шанхайда өтетін АӨСШК алдағы саммитінің негізгі аспектілерін талқылады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Екі мемлекеттің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қорытындысында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуы барысын қарастырды.

Сондай-ақ, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттарды, атап айтқанда Шанхайда өтетін АӨСШК алдағы саммитін және Украинадағы жағдайды талқылады.

Көлік-транзит және су-энергетика салаларындағы байланыстарды нығайту мәселелеріне де баса назар аударылды.

Барлық жаңалықтар