• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Президенті Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін Нидерланд Корольдігіне ресми сапармен келді

Қазақстан Президенті Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін Нидерланд Корольдігіне ресми сапармен келді

23 Наурыз, 2014 18:14
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші жаһандық саммитке қатысу үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд Корольдігіне ресми сапармен келді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарланғандай, сапар барысында Қазақстан Президентінің Нидерланд Королімен және Премьер-Министрімен кездесулері, сондай-ақ оның Гаага қаласында өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші жаһандық саммит жұмысына қатысуы жоспарланған.

Айта кетерлік жайт, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит 2014 жылдың 24 мен 25 наурыз аралығында Гаагада өтеді. Кездесу барысында мемлекет өкілдері жаһандық қауіпсіздік шараларын талқылайды. 

Барлық жаңалықтар