- Басты
- Жаңалықтар
- Cемей қаласының белсенділері алғаш рет Наурыз мейрамында өз киіз үйлерін тікті
Cемей қаласының белсенділері алғаш рет Наурыз мейрамында өз киіз үйлерін тікті
Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар қаланың Орталық алаңында, Әуезов алаңында, «Жаңа Көктем» сауда үйі, «Кең сарай» мейрамханасы, Силикат зауыты жанында өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Қала әкімі А. Кәрімов пен ШҚО немістерінің «Возрождение» бірлестігінің төрағасы Л. Гончарук қалалықтар мен қала қонақтарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Мерекені өткізу орындарында киіз үй қалашықтары салынып, театрландырылған мерекелік қойылымдар, спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, қолөнер бұйымдары, суретшілердің туындыларының көрме-саудасы, балалар аттракциондары ұйымдастырылды. Қалалықтар мен қала қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.
Қала жастары алғаш рет киіз үй тікті. «Жастар орталығы» КММ, «Қазақстан жастарын қолдау» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының «Жас Отан» ЖҚ, «Семей қаласы студенттер альянсы» корпоративтік қоры бірлесе отырып, концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар ұйымдастырды. Орталық алаңда құрылған «Жастар» киіз үйінде мерекелік дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар, наурыз көже ұсынылды.
Кешкі сағат 20.00-де Орталық алаңда ұйымдастырылатын мерекелік концерт сағат 22.00-де от шашумен аяқталады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы