- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте Индустриялды аймаққа кадр дайындайтын оқыту орталығы ашылды
Шымкентте Индустриялды аймаққа кадр дайындайтын оқыту орталығы ашылды
ОҚО кәсіпкерлер палатасында хабарлағандай, орталықтың басты ерекшелігі, онда дәріс алатын және қайта даярлаудан өтетін студенттер индустриалды аймақтағы мекемелерде іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады.Іс-шара ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылған.
Аталған орталықта әрсалалы жоғарғы санатты оқытушылар дәріс беріп, оқыту кезінде соңғы үздік технологиялар қолданылуда. Арнайы интерактивті тақта арқылы дәріс алушылар барлық құрал-жабдықтарды теория жүзінде оқып, кейін кедергісіз индустриалды аймақтағы мекемелерде тәжірибе жүзінде меңгере алады. «Мемлекетімізде жыл сайын «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында тұрғындарды арнайы кәсіптік оқытуға қыруар қаржы бөлінеді - дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов. Дегенмен, бүгінгі таңда жұмыс нарығында күнделікті жаңашылдықтар мен өзгертулер пайда болуда. Осы сәйкессіздікті жою - бүгінгі ашылып жатқан орталықтың басты мақсаты болып табылады. Дәріс алушылардың білім сапасын жетілдіру үшін, бұл жобаны біз «Білікті маман» оқу орталығынмен бірге жүргізуді шештік.
Оқу түрі - 20 астам техникалық мамандықтар бойынша жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда оқуға талапкерлердің саны 538 адам болып отыр».
Оқу мерзімі арнайы мамандыққа қарай 1 айдан 3 айға дейін созылады. Маман дайындалып жатқан мекеме басшылары бітіруші студенттердің білімін тексеру мақсатында сынақ комиссиясына мүше болады.
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды