- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесiмен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесiмен құттықтады
«Құрметтi отандастар! Әз Наурыз мерекесiз баршамызға құтты болсын! Ұлыстың ұлы күнi деген мемлекеттiң ұлы мерекесi деген сөз. Ұлыс деген «жаңа жыл» деген сөз. Күн мен түн теңелiп, көктем басталып, бүкiл адам да, жануарлар да осы кезде тiрiлiп, қимылдап, табиғатпен бiрге оянатын тамаша кез. Бес мың жылдан берi қарай аталып келе жатқан Әз Наурыз тәуелсiздiгiмiзбен бiрге менiң жарлығыммен осыдан 23 жыл бұрын қайтып келдi. Содан берi бұл мереке елдiң бiрлiгiне, татулығына, тұрақтылығына жұмыс iстеп келе жатыр. Бұл мереке барлық ұлт пен ұлыстардың мерекесi.Бiрлiктiң арқасында мемлекет өседi, көркейедi. Осының арқасында аналар мен балалар үйiнде тыныш ұйықтайды. Осының арқасында нанымыз бар, үйiмiз бар, жұмысымыз бар. Қас-қағым сәт сияқты бар болғаны 23 жылдың iшiнде Қазақстан танымастай боп өзгердi, бүкiл дүниежүзiне белгiлi болды, өскен-өркендеген елдермен терезесi тең болды. Iшiмiздегi көпұлтты халқымыздың бiрлiгiн сақтап, соның арқасында еңбекпен өсiп-өркендеп келе жатырмыз. Болашағымыз жарқын.Бiрлiк болса, татулық болса, тыныштық болса, осының барлығынан өтемiз, барлығын жеңемiз. Қойған мақсаттарымызды, мiнекей, орындап келемiз. Мемлекеттi құрдық, оны жұрт құрметтейтiн болды, Астанамызды түздiк, бүкiл қалаларымыз бен ауылдарымыздың барлығы өркендеп-өсiп, жарқырап келе жатыр.», -деді Елбасы Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарға бiрлiк ынтымақ тіледі.
«Көктемнiң бiр күнi бiр жылға асырайды деген сөз бар. Барлық халқымыз мына көктемде ұйқыдан оянып, жұмысқа кiрiсiп, егiн егiп, елiмiздi көгалдандырып, бауларды тазалап, бұлақтың көзiн ашып, ауыл-аймақтың барлығын жарқыратып, елдң еңсесiн көтеруге тиiспiз. Әз мерекемiз, қуанышты мерекемiз құтты болсын, ағайын!», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы жылда үш күн тойланатын Ұлы мереке биылғы жылы бес күн тойланатынын атап өттi.
«Сондықтан, осының барлығы қуаныш. Осы кезде ағайын бiр-бiрiмен қауышып, ренжiскен болса, кешiрiм сұрап, кемтарларға көмектесiп, жағдайын сұрап, тiлек тiлейтiн. Сод тiлектiң барлығы қабыл болсын. Елiмiз аман, жұртымыз тыныш болсын. Келешегiмiз баянды болсын. Айларымыз да, жылдарымыз да Қазақстанға бақыт алып келсiн. Қазақ халқының бiрлiгi жасасын! Мәңгiлiк елiмiз жасасын. Баршаларыңызға, әр жанұяға шын жүрегiммен зор бақыт, тыныштық, береке-бiрлiк тiлеймiн», - деп сөзiн аяқтады Н.Назарбаев.
Айта кетерлігі, «Қазақ елі» монументі алдында ұлттық ойындар ойнатылып, мерекелік шара өтуде. Спорттық жарыстар «Күрес», «Асық ату» белең алған. Қазақ эстрадасының әртістері жиналған қауымға ұлттық нақыштағы әндерді орындаумен мерекелік көңіл күй сыйлауда.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Рамазан айы: құлшылық ету тәртібі, мешіттердегі санитарлық талаптар, халал вакцина, Қадір түні -
Наурыз айында ЭЕБ-да 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Наурыз мерекесі күндері елорданың қоғамдық көліктері тоқтай ма -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады