- Басты
- Жаңалықтар
- Ұ. Карабалин Қызылорда облысының жер қойнауын пайдаланушыларымен кездесті
Ұ. Карабалин Қызылорда облысының жер қойнауын пайдаланушыларымен кездесті
МГМ-де хабарлағандай, министр аймақтың мұнай және газ саласына талдау жасады. Жақсы бастамалардың бірі ретінде - LNG (СТГ яғни, сұйытылған табиғи газ) зауытының құрылысын атап өтті. Келешекте автокөліктер сұйытылған табиғи газбен жүретін болады. Осылайша, отын шығыны азайтылмақ. Сұйытылған газ орташа есеппен 30-40 пайызға арзандау. Зауыт құрылысын салуға Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен жер телімі белгіленді.
Сондай-ақ, аймақта ағылшын технологиясын енгізу көзделуде. Осы технология бойынша газ шағын құрылғылар арқылы жоғары сапалы дизельдік отынға айналдырылады.
Басқосуда министр Ұзақбай Карабалин үкіметте мұнай және газ өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша форум және семинарларды өткізу жөнінде шешім қабылданғанын тілге тиек етті. Алғашқы форум ақпан айында Ақтау қаласында ұйымдастырылды. Екіншісі Орал қаласында өтеді. Одан кейін, бұл бастама Қызылорда мен Атырау қалаларында жалғасады. Ведмоства басшысы қызылордалық мұнайшыларды осы іс шараларға араласуға ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, министр қызылордалықды сәуір айында Атырау қаласында «Мұнай және газ саласындағы жаңа технологиялар» тақырыбында аймақаралық қазақстандық, ресейлік форумға шақырды.
Қазақстандық үлесті арттыру жөнінде Ұ.Қараблин тек қана ірі компанияларды ғана емес, шағын және орта кәсіпорындарды да бақылауға алатын уақыт келгендігін айтты. «Дегенмен, өндіруші ұсынған тауарлар мен қызметтердің сапасы нашар болса, біз оны қорғауға міндетті емеспіз», - деді ол. Мұнай және газды өндіру өте қауіпті өндіріс саласы болып табылады.
Сондықтан кез-келген ақаулық жұмысшылардың өмірімен денсаулығына немесе өңірдің экологиясына зиян келтіру мүмкін екендігін атап өтті.
Жиыннан соң ҚР Мұнай және газ министрі бірқатар өнідіріс орындарын аралап көрді. Жосалыда салынатын сұйытылған газ зауытының орнымен танысты. Сондай-ақ, Қармақшы ауданының активімен кездесіп, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын мақсат-мүдделер айқындалды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай