- Басты
- Жаңалықтар
- Өскеменде Орта Азияда теңдесі жоқ спорттық алаң ашылды
Өскеменде Орта Азияда теңдесі жоқ спорттық алаң ашылды
ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, жаңа нысанның қабырғасындағы алғашқы жарыс 1960 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Гусман Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетика бойынша облыстық чемпионат болмақ.
Сонымен қатар, жаңа спорт нысанында облыстың жас спортшыларының шынығуына жағдай жасалып, барлық балалардың қатысуына мүмкіндік берілмек.
«Мемлекет басшысының саясаты азаматтардың өмір сүру деңгейіне, соның ішінде денсаулығының жақсаруына бағытталған. Өздеріңіз де білесіздер, халықтың кемінде 30 пайызының спортпен айналысуына жағдай жасауымыз керек. Бұл көрсеткішті барынша молынан көтеру үшін 3 жыл ішінде облыста 300 спорт нысаны салынды. Соңғы манеждің ашылуына «Қазатомпром» компаниясы үлкен ұлес қосты. Жеңіл атлетика алаңы шығыс қазақстандықтарға Наурыз мерекесіне орай сыйлық. Енді біздің жастарымыз бұрынғыдан да шыныға түседі», - дейді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Айта кету керек, ғимараттың құрылысы құны 850 млн теңгеге жетті. Соның 700 млн теңгесін «Қазатомпром» ҰК» АҚ берген. Қалған қаражат «Парыз» қоры тарапынан аударылды. Ғимараттың жалпы ауданы 6910,85 шаршы метрді құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы спорттық нысандарды көбейту бойынша елімізде алдыңғы қатарда.
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Қоршаған ортаны қорғай аламыз ба -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері