Астанада Наурыз мейрамы күндері 300 шақты іс-шара өткізу жоспарланған

20 Наурыз, 2014 13:04
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Астана әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Наурыз мейрамын тойлау туралы айтып өтті.

«Бағдарлама өте мазмұнды болады. 300-дей іс-шара өтеді. Барлық концерттік алаңдар бос болмайды. Коммерциялық және қалалық шаралар өткізіледі. Негізгі басымдық ұлттық айшыққа бағытталады. Наурыз мерекесін тойлауға 175 млн теңге, мерекелік шараларды өткізуге 150 млн жұмсалған»,- деп атап көрсетті Басқарма басшысы өз сөзінле.

Тағы бір айта кететін жайт, елордада мереке күндері, 13- 25 наурыз аралығында 300 шақты іс-шара өтеді.

 

Барлық жаңалықтар