- Басты
- Жаңалықтар
- Таразда әскерге шақыру мәселелері талқыланды
Таразда әскерге шақыру мәселелері талқыланды
Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, іс-шаралар Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің базасында өтті. Нұсқаулық-әдістемелік сабақтарға ҚР ҚК әскер түрлері жасақтау басқармаларының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары, Астана, Алматы қалаларындағы және облыстық әкімшіліктеріндегі әскерге шақыру комиссиясының төрағалары, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының психологтары мен өкілдері сынды мерзімді әскери қызметке жауапты лауазымды адамдар тартылды.
ҚР ҚМ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы полковник Бақыт Мұхамеджанов «Қазақстан жолы - 2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшының қатысуымен өткен жедел-стартегиялық кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуына назар аударды.
Аталған іс-шаралар аясында «Ақ Сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешені таныстырылды. Ол 2014 жылғы әскер қатарына шақырушыларды психологиялық тексеруде қолданылатын болады. Бұл кешенді жасап шығарушылар оны қолдану бойынша психологтармен практикалық сабақтар өткізді.
Өз кезегінде көрсетілім сабақтары өткізіліп, әскерге шақыру комиссиясы жұмыстарының ұйымдастырылуы жария етілді.
2013 жылдың қорытындысы бойынша Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері жоғары және сапалы көрсеткіштерімен ерекше аталып өтті.
Өткен жылда әскерге шақырушылармен жұмыс жасауда кәсіби шеберлік танытқандары үшін үздік мамандар Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабы бастығының грамоталарымен марапатталды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері