- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте Монреаль Хаттамасына Түзетуді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды
Мәжілісте Монреаль Хаттамасына Түзетуді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды
Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы 1987 жылғы 16 қыркүйекте қабылданды. Қазақстан Республикасы Монреаль хаттамасына 1997 жылы қосылған.Монреаль хаттамасына Пекин түзетулері 1999 жылғы 3 желтоқсанда қабылданды. Түзетулер гидрохлорфторкөміртектерді Монреаль хаттамасының мүшесі болып табылмайтын кез-келген мемлекетке экспорттауға немесе сондай мемлекеттен импорттауға тыйым салуды көздейді.
Түзетулер, сондай-ақ, Монреаль хаттамасына мүше мемлекеттердегі гидрохлорфторкөміртектер өндірісін реттеудің қосымша шараларын енгізуді қарастырады.
Пекин түзетуін ратификациялау Қазақстанға Ғаламдық экологиялық қор тарапынан қаржылық және техникалық қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді. 2015-2017 жылдар аралығында Монреаль хаттамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанға алты миллионнан астам доллар бөлінбек.
Сонымен қатар отырыс барысында министр Н. Қаппаров ұсынған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын салудағы ынтымақтастық жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да Мәжіліс депутаттары тарапынан мақұлданды.
Келісімнің шарттарына сәйкес, тараптар Қорғас өзені бойында «Достық» бірлескен су торабын салуды жүзеге асырады. Бірлескен су торабы екі тараптың иелігінде болады. Оның құрылысын қаржыландыру екі жақтан 50% көлемде, яғни тең дәрежеде жүргізіледі.
Бірлескен су торабын басқару және пайдалану мәселелері тараптар арасында жасалатын жеке халықаралық шартпен реттелетін болады.
Сонымен қатар, бүгінгі отырыста депутаттар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бұған дейін аталған заң жобасы бірінші оқылымда 2014 жылғы 5 наурызда мақұлданған болатын.
Заң жобасында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 243-1 бабына парниктік газдар шығарындыларына квоталарды асырғаны үшін айыппұл мөлшерін 10 айлық есептік көрсеткіштен 5 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету қарастырылған.
Сонымен қатар түзетуде табиғатты пайдаланушылардың парниктік газдар шығарындыларына квоталарды асырғаны үшін жауапкершілігінің басталу мерзімін кейінге шегеру қарастырылған.
Заң жобасының мақсаты - парниктік газдар шығарындыларына белгіленген квота көлемін арттырғаны үшін жауапкершілік механизмін кезең-кезеңімен енгізу.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы