- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Жамбыл облысында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9 жоба іске асырылады
2014 жылы Жамбыл облысында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9 жоба іске асырылады
Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкрекбаев өңірдік өнеркәсіптік кәсіпкерліктері жетекшілерімен жиын өткізді. Жиын барысында ҮИИД бағдарламасының іске асырылуы мен облыстағы кәсіпкерліктің даму мәселесі талқыланды.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, биыл өңірде 25,3 млрд теңгенің 9 жаңа жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл Талас ауданындағы жылына 15 000 тонна өндірістік қуаттылыққа ие 10,560 млрд теңгенің цианид натрий өндірісі. Мұнда шамамен 255 жаңа жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар Қордау ауданында 6,4 млрд теңгенің 21 МВт қуаттылыққа ие ЖЭС іске қосылып, Жамбыл ауданында 2,6 млрд теңгеге жылына 1757 тонна өнім беретін ет өңдеу комбинаты ашылады. Сонымен қатар Қордай ауданында жылына 500 кг қуаттылыққа ие 2,1 млрд теңгенің алтын өңдеу зауыты ашылады.
Ауыл шаруашылығы саласында да жобалар қолға алынады. Атап айтар болсақ олар Байзақ ауданындағы 1,7 млрд теңгенің 3 000 тонна қуаттылығы бар құс еті өндірісі мен Мойынқұм ауданындағы 1200 тонналық қуаттылыққа ие 600 млн теңгенің балық өңдеу комбинаты. Сонымен қатар Шу ауданында да 500 млн теңгеге мия тамырын терең өңдеу жобасы да жоспарланып отыр. Бұл жоба Жапон инвесторларымен бірігіп жүргізілмек.
Биыл Таразда неміс технологиясымен үй құрылысы комбинаты ашылады, оның құны 500 млн теңге.
Бұлардан бөлек ҮИИД МБ бойынша Таразда алюминий радиаторлары өндірісі басталады. Бұл жобаның құны 300 млн теңгені құрайды.
Жалпы, биыл Жамбыл облысында ҮИИД МБ аясында 1114 адам жұмыспен қамтылмақ.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді