- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ жоғары білікті кадрлар даярлауда үлгі болуы тиіс – Н. Назарбаев
ҚазҰУ жоғары білікті кадрлар даярлауда үлгі болуы тиіс – Н. Назарбаев
Ақордада хабарлағандай, кездесу барысында еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы ҚазҰУ республиканың ірі жоғары оқу орындарының бірі болып саналатынын, ал оның түлектері экономиканың барлық секторында жұмыс істейтінін атап өтті.
«Бүгінде жоғары оқу орындарының студенттеріне қойылатын талап өте жоғары. Биыл құрылғанына 80 жыл толатын университет өзінің бәсекеге қабілеттілігін ұдайы арттыра отырып, жоғары білікті кадрлар даярлауда үлгі болуға тиіс. Тек осы жағдайда ғана оқу орнының мәртебесі арта түсетін болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ғ.Мұтанов жоғары оқу орнының қазіргі қызметі және әлемдегі ең үздік 300 университеттің қатарына қосылу жөніндегі негізгі міндеттер туралы да айтты.
Ректор ҚазҰУ-дың алдында білімге негізделген инновациялық экономика субъектісіне айналу міндеті тұрғанына тоқталды. Бұл орайда университет ғылыми-технологиялық міндеттерді шешуде, білім беру сапасын және еліміздің оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда үлгі болуды көздеп отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады