- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет G-Global Халықаралық журналистика саммиті өтеді
Астанада алғаш рет G-Global Халықаралық журналистика саммиті өтеді
Саммитте әлемдік дағдарыс кезіндегі журналистиканың рөлі, медиадағы инновация мен технология, ақпарат берудің жаңа әдістері мен экономикалық көрсеткіштермен жұмыс істеудегі қолданыстағы құралдар туралы мәселелер көтеріледі.
Шараға атақты медиа-тұлғалар, блогерлер, халықаралық медиа холдинг өкілдері мен индустрияның ғылыми тұлғалары қатысады.
Ашық диалогтық алаңда экономикалқы және қаржылық тақырыпқа бағытталған заманауи журналистиканың күн тәртібіндегі мәселелерін талқылап, дағдарысқа қарсы ақпараттық саясат ағымы мен актуалды трендтер туралы мәселелер талқыланбақ.
Халықаралық журналистика саммитінің күтіліп отырған шараларының бірі әлемдік журналистикаға үлес қосатын «Экономикалық мәселелерге қатысты материалдарды берудің инновациялық және жаңа медиа технологиясы» тақырыбындағы «G-Global» сыйақысы болмақ.
Байқау қорытындысы бойынша, әлемдік қауымдастықтың экономикалық мәселелеріне арналған аудитория қызығушылығын тарту мен таныстыруды қарапайымдатуға мүмкіндік беретін бағдарламалар, құралдар мен жаңа технологиялар арқылы экономикалық ақпаратты өзінше беруді негіз еткен үздік журналистік жоба анықталмақ. Жеңімпаз марапаттау рәсімінде 15 мың доллар сыйақы алмақ.
Сонымен қатар саммит аясында «Шекарасыз ақпарат» халықаралық медиа-көрмесі өтеді.
Шараны ұйымдастырушылар ҚР Үкіметі, «G-Global» коммуникатиыті бағдарламасы, «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» қауымдастығы мен «Success K» медиа агентігі болмақ.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады