Қызылордада жаңа автобус паркін таныстырды

19 Наурыз, 2014 15:45
Қызылордада жаңа автобус паркінің таныстырылымы өтті.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, Қызылорда көшелерінде 20 жаңа жолаушылар автобусы жүре бастады. Алдымен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қоғамдық көліктердің тұсаукесеріне қатысып, алғашқы жолаушысы болды.  

Айта кетейік, автобустар экологиялық таза отын, газбен жүреді. Ол үшін арнайы газ құю бекеті салынды. Жолаушыларға қызмет көрсетушілер бірыңғай киім киеді. Бұл қоғамдық көліктің ерекшелігі 70-80 жолаушыға арналған орын бар. Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін мініп түсуіне жағдай жасалған. Экологиялық жағынан таза. Жыл соңына дейін дәл осындай тағы 100 автобус әкелінеді. Ал жолақысы өзгеріссіз қалады. Өткен жылы жолаушылар тасымалын тиімді ұйымдастыру және облыс орталығы тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында І инвестициялық форум шеңберінде Еуропалық қайта құру және даму банкімен меморандумға қол қойылған болатын. Нәтижесінде «Қызылорда қаласында автобус паркін құру» жобасы жасалып, өңірге газбен жүретін 20 автобус әкелінді.  Қоғамдық көлік қызметкерлерімен кездесуде аймақ басшысы мәдениеттілікке баса назар аударуды тапсырды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жолаушыларға қызмет көрсетушілер сыпайы сөйлеп, мәдениетті жауап беруі керек. Тазалыққа да аса мән беріңіздер. Қауіпсіздік мәселесіне жүргізушілер ыждахаттылықпен қарауы керектігін атап өтті.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар