• Басты
  • Гвардейскі гарнизонында командирлердің жиыны аяқталды
6 Наурыз, 2013 00:00

Гвардейскі гарнизонында командирлердің жиыны аяқталды

Гвардейскі гарнизонындағы оқу орталығы базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану әскери бөлімдері командирлерінің жиыны аяқталды. Жиын негізгі пәндер бойынша білімді жетілдіру және кәсіби дайындықтың деңгейін тексеру мақсатында өткізілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Гвардейскі гарнизонында командирлердің жиыны аяқталды

«Он күн бойы бөлім командирлері мен Құрлық әскерлері бригадаларының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану қызметі бастықтары арнайы, арнайы-тактикалық, дене тәрбиесі сабақтарына тартылды. Осы және басқа да сабақтар қазіргі замандағы радиациялық, химиялық және биологиялық ұрыста қорғануды жоспарлау және ұйымдастырудың негізгі сұрақтарын қамтыды»,-деп жазылған хабарламада. 
Жиын барысында офицерлерге қазіргі заманғы қару-жарақтар мен қазақстан армиясында бар радиациялық, химиялық және биологиялық құралдардың үлгілері көрсетілді. 
«Қарулы Күштер басшылғы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныстың материалдық базасының дамуы мен жетілдірілуіне баса назар аударады,- деп атап өтті Құрлық әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану басқармасының бастығы полковник Тәттібек Самаев. – Біздің құрамалар мен бөлімдер заман талабына жауап бере алатын қару-жарақ пен радиациялық, химиялық және биологиялық құралдардың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етілген». 
Офицерлер шара соңында кешенді сынақты жақсы деген бағаға тапсырды. Жиында оқылған лекциялар мен өткізілген практикалық сабақтар командирлердің күнделікті жұмыстарына үлкен көмек болары анық.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды