- Басты
- Жаңалықтар
- 15 жылда алғаш рет 2050 Стратегиясы аясында қазақстандықтардың санасында дүниетанымдық сілкініс жасау керек – М.Сарыбеков
15 жылда алғаш рет 2050 Стратегиясы аясында қазақстандықтардың санасында дүниетанымдық сілкініс жасау керек – М.Сарыбеков
«Мемлекет басшысы 2050 жылға дейінгі Жолдауында Қазақстан жолын нақты белгілеп көрсетті. Бұл жол екі кезеңге бөліп қарастырылады. Алғашқы 15 жылды ол «мүмкіндіктер терезесі» деді. Бұл дегеніңіз, осы 15 жылда Қазақстандағы барлық сала, соның ішінде білім беру саласы да осы мүмкіндікті барынша тиімді пайланады», - дейді ректор.
Оның айтуынша, бүгінде ғылымға көптеп қаражат бөлініп, білім беру жүйесінің дамуына барынша молынан назар аударылуда.
«Өздеріңізге де белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылымға бөлінетін қаражат жалпы ішкі өнімнің 3%-ына дейін артады. Қазірдің өзінде халықаралық академиялық байланыстар құрылып, академиялық мобильділік бағдарламасы іске асырылуда. Ең дамыған деген елдердің өзінде де академиялық мобильдік мемлекеттің көмегімен іске асырылмайды. Ал біздің Елбасы осы мүмкіндікті беріп жатыр», - дейді М.Сарыбеков.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан алдыңғы қатарлы ғалымдарды шақыруға мүмкіндік алып отыр.
«Білім беру жүйесі мен ғылым алдағы 15 жылда барлық мүмкіндік пен әлеуетімізді пайдалануымыз керек. Өзге елдермен тереземіз тең түрде ғылымды игеруіміз керек. 15 жылда алғаш рет 2050 Стратегиясы аясында қазақстандықтардың санасында дүниетанымдық сілкініс жасау керек», - дейді М.Сарыбеков.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген