- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Денсаулық сақтау министрі Павлодар облысының медицина қызметкерлерімен кездесті
ҚР Денсаулық сақтау министрі Павлодар облысының медицина қызметкерлерімен кездесті
ДСМ-де хабарлағандай, өңірдің медицина қызметкерлерінің алдында сөз сөйлей отырып, Министр биылғы Жолдаудың шеңберінде денсаулық сақтау саласы үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту және міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселені зерделеу сияқты басым міндеттердің айқындалғанын атап көрсетті.
Бұл шаралар халықтың амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Профилактика МСАК ұйымының негізгі қызметі болып табылады.
МСАК басым дамыту және бейінді қызметтермен ықпалдастырудың 2014-2020 жылдарға арналған өңірлік жоспары, жұмыскерлердің денсаулығын нығайту бойынша жұмыс берушінің деңгейінде денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті іске асыру тетіктері әзірленуде.
Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің қадамдық Іс-шаралар жоспары да бекітілді, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылуда.
Денсаулық сақтау министрлігі жоспарлы түрде Мемлекет Басшысының Жолдауында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыратын болады.
Сол күні «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Министр азаматтарды қабылдады. Министр сонымен қатар облыстық диагностикалық орталыққа, ауылдық денсаулық сақтау объектілеріне, Г.Сұлтанов облыстық ауруханаға, қала емханаларына, облыстық туберкулезге қарсы диспансерге барады, ол жерде қызметтерімен танысып, пациенттермен және денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерімен кездесу өткізеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды