- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да астық өндірушілердің тікелей қатысуымен астықты биржа арқылы сату жұмыстары басталды
ҚР-да астық өндірушілердің тікелей қатысуымен астықты биржа арқылы сату жұмыстары басталды
«Қазагромаркетинг» АҚ-да хабарлағандай, бұл жобаның іске асырылуы нәтижесінде бидай өндірушілер еш кедергісіз қосымша бидай сату нарығына қол жеткізіп, неғұрлым көп пайда таба алады.
Осы жобаны іске асыру мақсатында наурыз айының 4-і мен 14-і аралығында «Қазагромаркетинг» АҚ-ның аймақтық желісі негізінде «ЕСЖ» тауарлық биржасының қолдауымен сынақ түрінде бірнеше биржалық сауда-саттық өткізілген болатын.
Сынақ түріндегі сауда-саттықтарға «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ, биржалық брокерлер және Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарынан 18 астық өндіретін кәсіпорын қатысты.
Ағымдағы жылдың 18 наурызында жоба іс жүзінде жүзеге асырыла бастады. «Қазагромаркетинг» АҚ Ақмола облысының элеваторынан жеткізілу шартымен 680 тонна (10 вагон) көлеміндегі 3 сыныпты бидайды алғашқы сатылымға шығарды.
Партия сәтті сатылды. Саудаласу барысында сатушы брокері «Қазагромаркетинг» АҚ 1 тонна үшін 36500 теңгені тағайындаса, сатып алушының брокері 1 тонна үшін 35500 теңгені ұсынды.Нәтижесінде қосымша құн салығын ескергенде 1 тонна бидай 36000 теңгеге өткізілді.
Енді бұл баға биржаның ресми бағамы ретінде Ақмола облысының басқа да фермерлеріне бағдар бермек.
Өткізілген сауданың оң нәтижесін және фермерлерден келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, «Қазагромаркетинг» АҚ жақын күндері биржалық сауданы жалғастырмақ.
Еске сала кетейік, «Қазагромаркетинг» АҚ-ның өкілдіктері республиканың 160 аймағында орналасқан. Сол себептен нарық бағасымен биржа арқылы бидайды сатамын дейтін кез келген шаруа өзіне жақын орналасқан компанияның өкілдігіне барып, брокердің қызметін пайдалана алады. Осы орайда компания отандық өндірушілердің өнімін сатудың жаңа жолын салып бермек.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды