- Басты
- Жаңалықтар
- ТШО кеңейту аясында ҚР өндірушілерінен сатып алуға 10,5 млрд доллар бөлінеді – МГМ
ТШО кеңейту аясында ҚР өндірушілерінен сатып алуға 10,5 млрд доллар бөлінеді – МГМ
«Жобаның құны 24 млрд долларға бағаланады. Соның ішінде 7-10,5 млрд доллардай қаражат жергілікті өндірушілерді өнімдерін сатып алуға бағытталмақ», - деп жеткізеді М.Мырзағалиевтің сөзін ҚР Премьер-Министрінің ресми порталы.
Вице-министрдің айтуынша, 2013 жылы ҚР Үкіметі мен «Тенгиз шевройл» арасында түзілген меморандум аясында ұзақмерзімді негізде техникалық қызмет көрсету, модульді құрылымды дайындайтын кәсіпкерлік құру бойынша шет елдік компаниялармен жұмыс істеу көзделген.
Осылайша, ведомство басшысының орынбсарының айтуынша, кен орнындағы бұрғылау жұмысы алғаш рет қазақстандық біріккен кәсіпкерліктер тарапынан жүргізіледі.
«Мұнда қазірдің өзінен бастап «Тенгиз шевройлмен» келіссөздің жеңімпазы болып табылатын «ҚазМұнайГаз» бен «Nador Drilling» арасында келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен қатар кен орнын кеңейту аясында Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркі базасында таңдалған кәсіпкерліктерді жаңғыртуда қолдау көрсетіліп, отандық өндірістік мердігерлердің қуатын арттыруды жаңғыртуға бағытталған ҮИИД МБ аясындағы жылына кемінде бір жоба іске асырылып отырады.
«Қазір біз сараптамалық топ аясында «Тенгиз шевройлмен» барынша құрылымды жұмыс істеп жатырмыз. Онда операторлар және мемлекттік органдармен талқылауға кәсіпкерлік ұйымдар да қатысады. Біз қазірде 4 отырыс өткіздік, барлық жоба 7 негізгі бағытқа жіктелді. Атап айтар болсақ олар: модуль дайындау, құрылыс, логистика, бұрғылау, жобалау мен басқарудың құрылғылары мен материалдары және басқалар», - дейді М.Мырзағалиев.
Естеріңізге сала кетейік, Тенгиз кен орн 1979 жылы аылған. Қазірдің өзінде ол әлем бойынша ең ірі кен орындарының бірі. 1993 жылы Қазақстан Үкіметі мен Chevron компаниясының арасындағы келісім бойынша «Тенгизшевройл» ЖШС құрылды. Қазіргі таңда оның үлесінде Chevron - 50%,«ҚазМұнайГаз» - 20%, ExxonMobil - 25% және LukArco- 5% иелік етеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз