- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да өңделген жүн Италияға экспортталуда
ҚР-да өңделген жүн Италияға экспортталуда
«ҚазАгро» Холдингі» АҚ-да хабарлағандай, Қазақстаннан Италияға өңделген жүн өнімдерін экспорттау басталды. 72 тоннадағы жалпы көлемнен Жамбыл обысынан алғашқы 18 тонна топс /жұқа негіздегі қой жүнінің жартылай фабрикаты/ Аппендық түбегіне жөнелтілді.
Аталған өнімді жеткізуге Итальяндық фирмалардың бірімен «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің құрамына кіретін «ҚазАгроӨнім» АҚ мәміле жасады, жақын арада шетел әріптестеріне қалған 54 тоннаны жеткізу жоспарлануда. Осы орайда қазақстандық компания 140 тонна топс жеткізуге қосымша келісім-шарт жасауды жоспарлауда және ағымдағы жылы 500 тонна өңделген жүнді экспорттауды шығаруды көзеуде.
Бірегей табиғи өнім - қой жүнінен тазажүнді топс шығару 2012 жылы Жамбыл облысы территориясында «ҚазАгроӨнім» АҚ мен «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады.
Топс өңдеу барысы итальяндық мамандардың бақылауымен жүзеге асырылады, бұл өңделетін қой жүнінің сапасын жақсартуға және ақырғы өнімді әлемдік стандарттарға сәкес етуге мүмкіндік берді.
Топс өңдеу бойынша жабдық Холдинг құрамындағы басқа еншілес компания - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылық қолдауымен Еуропадан жеткізілді.
72 тонна көлемінде топс жеткізу бойынша «ҚазАгроӨнім» АҚ мен VICOTEX S.r.l. итальяндық компаниясы арасындағы мәміленің жалпы сомасы 598 мың АҚШ долларын құрайды. Сонымен бірге ағымдағы жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өткізген ұлттық валютаның девальвациясына байланысты өнімнің тиімділігі 35%-ды құрады. Аталған жағдай өндіруші үшін жағымды жағдай тудырды.
«ҚазАгроӨнім» АҚ мен VICOTEX S.r.l. итальяндық компаниясы арасында өткен соңғы кездесудің нәтижесінде екі жақ Еуропа нарығына тазажүнді топсты жүйелі түрде жеткізуді ұйымдастыру негізінде ұзақмерзімді ынтымақтастық орнату келісіміне жетті.
Қазақстанда өңдірілген топс, киім тігу бойынша еуропалық алдыңғы қатарлы Benetton, Zara, Gruppo Marzotto, H&M, Fratelli Piacenza S.P.A., Lanerossi, Marchi e fildi S.p.A. компаниялардың ақырғы өнімінде қолданылатын болады.
Болашақта Кеден Одағы елдерінде жұылған жұқа жүн жеткізуді қайта бастау мүмкіндігі қарастырылуда.Сөйтіп, өнімді экспортқа шығару отандық өндірушіге табыс көлемінің артуына, өнімнің тиімділігін арттыруға және әлемдік нарықта тауарды танымал етуге мүмкіндік береді.
-
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Ресей Қазақстан үшін өңделген өнім экспорттайтын ірі нарық болып саналады – Н.Назарбаев -
Жеңіс Қасымбек қазақстандық өңделген тауарға қызығушылық танытқан елдерді атады -
Қызылорда балығы экспортталуда -
А.Жүнісбек: Латыншаға көшу – қазақ әліпбиін реформалау -
Қазақстандық қой еті Иранға экспортталуда -
Шетелдік инвесторлар қазақстандық өңделген ауыл шаруашылығы шикізатына қызығушылық танытуда -
Мемлекет шетелдіктердің денсаулығы үшін де төлейді - Э.Байжүнісов -
Емханалар арасында бәсекелестік болуы керек – Э.Байжүнісов -
Э. Байжүнісов: МӘМС емделушінің мүддесін бірінші кезекке қоюға мүмкіндік береді -
Ж.Қасымбек: 2017 жыл өңделген экспорт өсімін қалпына келтіру жылына айналмақ -
ОҚО-дан қаракөл терісі Италияға экспортталады -
Шардара балығының 70 пайызы шетелге экспортталуда -
ОҚО-да биязы жүнге 15,2 млн теңге субсидия құю жоспарланған -
Қазақстандық жоғары өңделген тауардың экспорты 200 млн долларды құрады – ҰЭМ