- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада спорт кешені, аурухана және медресе салынады
Қызылордада спорт кешені, аурухана және медресе салынады
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, сыр өңірінде ауыр атлетика жақсы дамып келеді. Кешен құрылысы аяқталса, Қызылордада талантты зілтеміршілердің қатары артатыны анық. Спорттық нысан Е.Демесінов пен Ш.Есенов көшелерінің қиылысында орналасады. Екі қабатты ғимараттың сыртқы келбеті қалайыдан жасалған ақ және ашық қоңыр түсті фасадтық кассеталармен, ал ірге тасы қоңыр түсті мәрмәр плиткалармен қапталады.
Жалпы, мұнда 3 жаттығу және сайыс өткізуге арналған бір зал болады. Емдеу-сауықтыру орталығы да бар. Жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 40 млн. теңге қаржы бөлінді. Алдын ала есеп бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына 952,4 млн. теңге қажет.
Сонымен қатар, кеңес мүшелері облыс орталығында салынатын 300 төсек орынға арналған көпсалалы аурухана құрылысының эскиздік жобасы бірауыздан мақұлдады.
Сыр өңірінде медерессе мәселесі шешілетін күн алыс емес. Кеңесте «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің аумағынан 50 орынға арналған білім жетілдіру медресесінің жобасы талқыланды. Екі бөліктен тұратын білім жетілдіру орталығының құрылысы жақын арада басталады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар