Алғашқы қазақстандық ЖҚЗ жерсерігі 2013 жылдың соңына дейін іске қосылады

10 Сәуір, 2013 00:00
2013 жылдың соңына дейін Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қазақстандық жерсерігі іске қосылады, деп хабарлады Қазғарыш баспасөз қызметі.

"Алғашқы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігін Ресейдегі "Ясный" ғарыш айлағынан жіберу 2013 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған", - делінген "Қазақстандағы ғарыш күндері" семинарының барысында жарияланған хабарламада. 
Бұдан өзге, жоғары рұқсаттағы ЖҚЗ екінші ғарыш аппаратын 2014 жылы француздық Куру ғарыш айлағынан жіберу жоспарланғаны хабарланды. 
 

Барлық жаңалықтар