- Басты
- Жаңалықтар
- Астана экономикалық форум аясында беделді халықаралық ұйымдар мерейтойларын атап өтеді
Астана экономикалық форум аясында беделді халықаралық ұйымдар мерейтойларын атап өтеді
«Еуразиялық ғалымдар клубы» Қауымдастығында хабарлағандай, 2014 жылы БҰҰ-ның Cауда мен даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) мен Халықаралық сауда орталығына 50 жыл толады. Сонымен қатар, АЭФ аясында Бреттон-Вудс конференциясы атауымен танымал БҰҰ-ның қаржы-валюталық конференциясы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді.
2008 жылдан бастап, АЭФ жыл сайын әлем сарапшылары мен бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерін заманауи экономикалық және әлеуметтік қауіп-қатерлермен күресу жолын іздестіру үшін біріктіреді.
Форум әлемдік қоғамдастықтың күткен сенімін ақтады. АЭФ - басшылары Қазақстан астанасын толық құқылы серіктес және заманауи үрдістерді дамытатын инновациялық алаң ретінде таңдайтын беделді ұйымдар үшін пайдалы алаңға айналу үстінде.
Қазіргі таңда, Бреттон-Вудсты жаңғырту келісімінің бастамашылары, конференцияның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, қайтадан жаһандық экономикалық мәселелерді көтеріп, сонымен қатар, әлемдік валюта нарығын орнықтырып, осы сұрақтарды Астанада талқылауға ниет білдіруде.
VII Астана экономикалық форумында өзінің сәтті қызмет істеп, құрылғанына 50 жыл толған, сауда және экономикалық дамуды, әсіресе дамушы елдерде үдетумен айналысатын БҰҰ-ның сауда мен даму жөніндегі конференциясы, ЮНКТАД, атап өтеді. 1964 жылы үкіметаралық орган ретінде құрылған БҰҰ-ның сауда мен даму жөніндегі конференциясы сауда және даму сұрақтары бойынша Бас Ассамблеяның басты органы болып саналады.
Осыдан дәл 50 жыл бұрын құрылған Халықаралық сауда орталығы (ITC) -операциялық және кәсіпкерлерге бағытталған сауда дамуының аспектілерімен айналысатын БҰҰ-ның сауда мен даму жөніндегі конференциясы мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымының техникалық ынтымақтастық бойынша агенттігі. Бұл орталық нарықтардың дамуы, саудадағы көмек қызметі және еңбек ресурстары сұрақтарына жауап береді.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді