- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда меморгандар бұлтты технологиялар көмегімен жұмыс істейтін болады
Қазақстанда меморгандар бұлтты технологиялар көмегімен жұмыс істейтін болады
«Бүгінде біз кез-келген мемлекеттік органдарды жүйелік үлгіге көшіруді ұсындық, ал, Үкімет бізді қолдады. Енді мемлекеттік органдар IT-жүйесі мен қызметін қолданатын болады. Олар өздері ақпараттық жүйелерді жасақтамайды және қажетті құралдарды сатып алмайды, бұл оларға тән жұмыс емес, оны ІТ технологиясы саласының мамандарына сенім тапсырған абзал. Аталмыш жүйелік үлгі бізге ақпараттық коммуникация саласындағы барлық мемлекеттік активтерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Атап айтатын болсақ, жүйелік қуатты кәдеге жарату мүмкіншілігін, бағдарламалық қамтамасыз етудің лицензиялы жүйесін пайдалануды, сонымен қатар, IT-қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады», - деді Б. Кұрманғалиева.
Сонымен қатар, ол бұл жүйе орталықтандыру арқылы жасақталатынын атап өтті. Ол үшін бұлтты технология сынды технологиялар пайда болды, деді ол.
«Біз қазір мемлекеттік бұлтты құрмақшымыз. Ол жабық, үлкен қорғалған инфрақұрылымы бар, нық болады. Оның үстіне, осы инфрақұрылым негізінде барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік органдардың жұмысы мен қызметін автоматты түрде пайдалана алады», - деп Б.Құрманғалиева толықтырды.
Оның айтуынша, заң бірыңғай техникалық саясаттың қалуын қарастырған. Яғни, ақпараттық технологияларды пайдаланатындардың барлығы, мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы секторлар міндетті түрде кейбір регламенттерді ұстануы тиіс.
«Олар көбіне сыни жүйелер, себебі, олар өте маңызды процестерді басқарады. Сонымен қатар, олар мемлекеттік немесе ұлттық компаниялардың қаржысына салынған», - деп ол хабарлады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда