- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы реттелмелі коммуналдық қызмет тарифінің өсімі инфляция мен тарифтың шекті салымы аясында жүзеге асырылатын болады – Е.Досаев
2014 жылы реттелмелі коммуналдық қызмет тарифінің өсімі инфляция мен тарифтың шекті салымы аясында жүзеге асырылатын болады – Е.Досаев
«2014 жылы реттелмелі коммуналдық қызмет тарифы өсімі инфляция мен тарифтың шекті салымы аясында жүзеге асырылатын болады2013 жылы реттелмелі қызметтің тарифы өсімінен инфляция салымы 1,15-ті құрады, жоспар бойынша бұл көрсеткіш 1,2-ні құраған еді», - дейді министр.
Оның айтуынша, биыл басты міндетіміз ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз ету. Ол үшін тұрақтандыру қоры өнімін пайдалана отырып шекті бөлшек бағасы орнатылады.
«Негізгі мұнай өнімдері бойынша республиканың ішкі нарығын қамтамасыщ ету мен бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс және Астана мен Алматы қалалары бойынша мұнай өнімдерін тасымалдау кестесі нақтыланады және ай сайын жанармай мен дизель отынының шекті бағасы орнатылады. Соның ішінде әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарлардың бағасының артуына жол бермеу шаралары дайындалып, азық-түлік тауарлары тапшылығына жол бермеу үшін тұрақтандыру қоры ресурсын тиімді пайдалану қолға алынады», - дейді.
Ведомство басшысының айтуынша, импорттық мұнай өнімдерінің көтерме тасымалды реттеу мақсатында және ішкі нарықтаңы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «ҚазМұнайГаз Өнімдері» түріндегі Ресей Федерациясынан мұнай өнімдерін тасымалдау бойынша біріңғай оператор құралады.
ЭБЖМ жұмысының басым бағыттарының бірі биыл макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау мен инфляцияға жол бермеу.
«Үкімет және Ұлттық Банк тарапынан жоспарланған 6-8% дәлізіндегі инфляцияны ұстап тұру мақсатында атқарылатын шаралардың ішінде азық-түлік тауарларының қымбаттауына жол бермеу мен тариф тұрақтылығын ұстап тұру бломақ. Ол үшін ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің кешенді шаралары іске асырылады», - дейді министр.
Айта кету керек, бекітілген дәлізден баға өсімінің асып кетпеуі үшін Үкімет 2014 жылғы бекітілген дәліздегі инфляцияны ұстап тұру бойынша кешенді шаралар жоспарын дайындау жұмыстары атқарылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды