- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин Женевада Парламентаралық Одақтың 130-шы Ассамблеясында сөз сөйледі
Н. Нығматулин Женевада Парламентаралық Одақтың 130-шы Ассамблеясында сөз сөйледі
Мәжілісте хабарлағандай, Ассамблея жұмысына әлемнің 150 елінен 1500-ге жуық делегат жиналды.
Жоғары деңгейлі форумда сөз алған Мәжіліс Спикері бүгінгі күні экономикалық, саяси басымдылығына және географиялық аумағына қарамастан, барлық елдердің тең дәрежеде Парламентаралық үнқатысуға қосыла алатынын сөз ете келіп, аталған халықаралық ұйымның маңыздылығына тоқталды.
Осы ретте Нұрлан Нығматулин бейбітшілікті нығайту жолында қазақстандық парламентшілердің үлесіне баса назар аударды.
"Әріптес-мемлекеттер парламенттерінің және халықаралық парламенттік ұйымдардың тәжірибесін ескере отырып, заңнамалық құжаттар қабылдау- Қазақстандық парламент өкілдерінің ПАО жұмысына белсене араласып жатқандығының нақты нәтижесі" ,- деді Мәжіліс Төрағасы.
Нұрлан Нығматулин Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары туралы сөз еткенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты даму мен қауіпсіздікке ықпал етуге бағытталған барлық бастамаларының өзектілігін атап өтті. Мәселен, ол, ең алдымен, ядролық қарусыздану және таратпауға арналған жобалар, этникааралық және конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісі, сондай-ақ, Азияда қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі кешенді шаралар. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, бұл біздің еліміздің халықаралық қауымдастық алдындағы жауапкершілігінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді.
Сонымен қатар, біздің мемлекетіміздің 2107-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өз кандидатурасын ұсынуы Қазақстанның бейбітшілікке деген ұстанымының көрсеткіші.
"Осы Ассамблеяға қатысып отырған парламент өкілдері біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көптеген бастамаларына ерекше назар аударды. Соның ішінде, бүгінгі күні, әсіресе, G-global жобасының орны да ерекше, маңызы да өте зор болып отыр. Осының барлығы біздің Президентіміздің халықаралық бастамалары қазіргі заманға сай екенінің тағы бір нақты дәлелі",-деді Н. Нығматулин.
ПАО 130-шы Ассамблеясының күн тәртібіне сондай-ақ ядролық қауіпсіздік, әлеуметтік-саяси, табиғатты қорғау және экономикалық басымдықты ескере отырып заманауи жағдайдағы тұрақты даму және балалар құқығын қорғау мен олардың соғыс және жанжалдар кезінде зардап шегуіне жол бермеу мәселелері енгізілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады