- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 800 мүгедек жұмыспен қамтылады
Ақтөбе облысында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 800 мүгедек жұмыспен қамтылады
Шара барысында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектерге арналған бос орындардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бос орындар жәрмеңкесінде барлығы 40 жұмыс берушілер тарапынан 532 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Бүгінгі таңда әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарының 60% -ға (702) жуығы мүгедектерге қолжетімді емес. Облыста нысандарды құжаттау мен бейімдеу мониторингі жұмыстарын жүргізу басталып кетті.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысында 19115 мүгедек өмір сүреді. Бүгінгі таңда жұмыс істей алатын жастағы - 14 мың мүгедек. Соның ішінен 4,3 мың мүгедектің жұмыс істей алатын қабілеті бар, оның 46%-ы (1,9 мың адам) жұмысқа орналасқан.
Жоба шеңберінде 2014 жылдың соңына дейін облыс бойынша 810 мүгедекті жұмысқа орналастыру қарастырылған. «Кедергісіз келешек» жобасы іске қосылған бірінші айда 102 мүгедекке жұмыс табылды. Жалпы үстіміздегі жылы облыста мүгедектерге арналған 17 бос орындардың жәрмеңкесі өтеді.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының - «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталғаны аян. Аталған жобаны төрт бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарланған: мүгедектерді тұрақты еңбек орнына жұмысқа тұрғызу; мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісі жоқ жағдай жасау; қоғам мен бизнестің назарын мүгедектердің мәселесіне аударуға бағытталған тұрғындарды ақпараттандыру жұмысын күшейту; мүгедектердің құқығын тиімді жүзеге асыратын құқықтық алаң құру.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері