- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Қазақстан жастары-2013» ұлттық баяндамасы таныстырылды
Астанада «Қазақстан жастары-2013» ұлттық баяндамасы таныстырылды

Ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік органдардың ресми статистикалық мәліметтеріне, әлеуметтік зерттеу қорытындыларына негізделген ұлттық баяндамада жастардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру мен ғылым саласындағы жастардың жағдайына сараптама жасалып, сонымен қатар ҚР-да мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін арттыру мен іске асыру мәселелері қарастырылды.
«Мемлекеттік жастар саясаты біздің елімізде 3 бағыт бойынша іске асырылады. Біріншіден, бұл идеологиялық жұмыс. Атап айтар болсақ патриоттық сезімге тәрбиелеу. Бұл шара өз кезегінде жастардың көп шоғырланған білім беру ұйымдарында кеңінен қолға алынады. Бізде қазірде 26 санаттағы жастар бар. Біз осы санаттың әрқайсысымен жекелей жұмыс істейміз», - дейді ҚР БҒМ Жастар ісі комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.
Оның айтуынша, Ұлттық баяндамада жастардың денсаулығына баса назар аударылған.
Қазіргі таңда жастардың денсаулыығын сақтаудағы басты мәселе травматизмнің, дұрыс тамақтанбау, төмен физикалық белсенділік, есту мен көру қабілеттерінің бұзылуы, респираторлы сырқаттар, психоактивті заттардыың қолданылуы, репродуктивті және психикалық денсаулықты сақтау болып табылады.
Қазақстандық заманауи жастардың жағдайын зерттеу мақсатында 2013 жылдың қыркүйек айында 14-29 жас аралығындағы 1600 респонденттен жаппай сауалнама алу шарасы жүргізілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
-
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі

