• Басты
  • Қазақстанда KIA Cerato 2014 седанының өндірісі басталды
6 Наурыз, 2013 00:00

Қазақстанда KIA Cerato 2014 седанының өндірісі басталды

Қазақстандық «Азия АВТО автокөлік жинастыру зауыты KIA Cerato 2014 седанын жинастыру жұмысына кірісті. Зауыт модельдің үшінші буын үлгісін жинастыруды бастаған әлемдегі алғашқы автоөндірушілердің бірі атанды, деп хабарлайды «АЗИЯ АВТО» баспасөз қызметі.

Қазақстанда KIA Cerato 2014 седанының өндірісі басталды | Strategy2050.kz

Жаңа KIA Cerato-ның (КИА Черато) әлемдік таныстырылымы былтырғы жылдың соңында Лос-Анджелесте халықаралық автошоу кезінде өткен болатын. Корея мен АҚШ сатыпалушыларының ізімен қазақстандық автоөндірушілер де біріншілердің қатарында жаңа модельдің үлгісіне қол жеткізді. 
KIA Cerato әлем бойынша 2,5 млн-нан астам данамен, соның ішінде 2012 жылы 352,2 мың данамен сатылып кеткен корейлік автогиганттың ең сәтті шыққан модельдерінің бірі болып табылады. 
«АЗИЯ АВТО» базасында KIA Cerato седанының бұған дейінгі үлгісін жинастыру жұмысы 2010 жылдың мамыр айында іске қосылған болатын. Азды-көпті үш жылдың ішінде-ақ седан қазақстандық нарықта жақсы сатылатын шетелдік автокөліктердің үштігіне кіріп үлгерді. Сондай-ақ 2012 жылы сатылым көлемі бойынша отанымызда жинастырылған екінші автокөлік атанды. 
Жаңа автоүлгінің ауқымдық ұзындығы 30 мм-ге (4560 миллиметрге дейін), ені 5 мм-ге (1780 миллиметр) дейін ұлғайтылып, биіктігі 14 милиметрге (1435 миллиметрге) төмендетілді. Ал дөңгелектері С санатындағы рекордтық көрсеткішке – 2700 милиметрге өсті. Жүксалғыш сыйымдылығы да 421 литрге дейін артқан. 
«Дәл осы седанның арқасында KIA қазақстандық нарықта ең тез дамып жатқан автоөндірушілердің үштігіне ілікті. 2012 жылы KIA-ның сатып алушылар саны үш есеге артып, бренд Қазақстанда ең жақсы сатылатын үлгілердің ТОП-5-іне енді. Ағымдағы жылдың қаңтарында КІА сатылымы өзінің тарихи көрсеткіштерін тағы бір жаңартты», - деп атап өтті «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ержан Мандиев. 
Осы жылдың соңына дейін «АЗИЯ АВТО» сатып алушылардың назарына KIA Motors-тың жеті жаңа моделін ұсынуды жоспарлап отыр. Олардың арасында әлемдік таныстырылымы биылғы жылға белгіленген екі есікті спорттық үлгідегі купе Cerato Koup те бар, – деп ескерді «АЗИЯ АВТО» АҚ басшысы. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды