• Басты
  • 7 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар бала түзету кабинеттерінен көмек алды
20 Ақпан, 2020 09:29

7 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар бала түзету кабинеттерінен көмек алды

Білім алуында ерекше қажеттіліктері бар 6 700-ден астам бала түзету кабинеттерінен көмек алды, деп хабарлады "Samruk-Kazyna Trust" Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының баспасөз қызметі. 

7 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар бала түзету кабинеттерінен көмек алды

Қазақстанда «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Дара» Жеке қорымен бірлесіп іске асыратын «Әр алуан, бірақ тең» жобасы шеңберінде ашылған инклюзивті білім берудің 9 ресурстық орталығы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оңалту үшін 11 ППТК жұмыс істейді. Түзету кабинеттері ашылғаннан бері 6700-ден астам ерекше қажеттілігі бар бала көмек алды.

Бұл жоба білім беру мен дамуға қол жеткізуде ерекше қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған (ментальдық бұзылулар, аутизм және БМС, сөйлеу қабілеті дамуының тежелуі, тірек-қимыл аппаратының бұзылулары және т.б.). Осы жобаның арқасында «ерекше» балалар қоғамдық өмірге және оқуға белсенді араласады, қоғамға жақсы бейімделе алады.

Қазақстанда инклюзияны дамыту маңызды бағыт болып табылады, өйткені денсаулық жағдайына қарамастан адамдар құқықтарының тең болуы қоғамның өсуіне ықпал етеді. ППТК және ресурстық орталықтар жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар 2 000-нан астам балаға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Самұрық-Қазына» АҚ «Қамқорлық» бағдарламасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесіп 4 000-нан астам баланы медициналық оңалтумен және педагогикалық түзетумен қамтитын қосымша 8 оңалту орталығы мен 8 инклюзивті қолдау кабинетін ашу жоспарлануда», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

ППТК бірнеше кабинеттерді қамтиды, онда сурдологтар, логопедтер, дефектологтар, психологтар және басқа да мамандар балаларға есту, сөйлеу, мінез-құлықты түзетуге көмектеседі, оларды басқа балалармен өзара іс-қимыл жасауға үйретеді, тұрмыс жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына үйретеді. Бұл балаларға жақсы әлеуметтенуге және жалпы білім беретін мектепке түсуге дайындалуға көмектеседі. 

Ресурстық орталықтар мектеп базасында жұмыс істейді және осы оқу орнына барған үлкен жастағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Мұнда ерекше білім беру қажеттілігі бар бала оқу кезінде көмек ала алады. Қажет болған жағдайда педагогтар балалармен қосымша жеке сабақтар өткізеді, белсенді физикалық жаттығулар арқылы көмектеседі.

Инклюзивтік орталықтарды ашу үш жақты ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылады – жергілікті атқарушы орган өтеусіз үй-жайды ұсынады, коммерциялық емес ұйымдар «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен үй-жайларды бейімдеу, кедергісіз орта құру, мамандарды материалдық-техникалық жарақтандыру және оқыту жұмыстарын жүргізеді.

Айта кетейік, ППТК Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент, Тараз, Петропавл, Орал, Семей, Екібастұз қалаларында жұмыс істейді. Ресурстық орталықтар – Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Павлодар, Өскемен, Көкшетау, Шымкент қалаларында орналасқан. Түзету кабинеттерінде немесе ресурстық орталықтарда көмек алу үшін «ерекше» балалардың ата-аналарына тұрғылықты жері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға (ПМПК) жүгіну қажет.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды