• Басты
  • 7-20-25: Қарағандыда үйдің ең жоғары құны 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды
13 Мамыр, 2020 09:15

7-20-25: Қарағандыда үйдің ең жоғары құны 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімімен Қарағанды қаласында «7-20-25» бағдарламасының шеңберінде сатып алынатын тұрғын үйдің шекті құны 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлады Strategy2050.kz ҚОҚ-ға сілтеме жасай отырып.

7-20-25: Қарағандыда үйдің ең жоғары құны 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды

Бұл – өңірдегі Бағдарламаның мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықтың  ипотекалық кредиттеу тетігі арқылы сатып алуы үшін қолжетімді бастапқы тұрғын үйлердің санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үйдің ең жоғары құнын өзгерту жөніндегі шешімге Қарағанды облысында байқалатын қажеттіліктің өсуі себепші болды. Атап айтқанда, Қарағандыда Бағдарлама қарыз алушыларының жартысына жуығы (47%) тұрғын үйді құнның ең жоғары лимиті бойынша 15 млн теңгеге сатып алған. Жалпы, Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері Қарағанды қаласында 7,2 млрд теңге сомасына ипотекалық несиелер берілді.

Осылайша, Бағдарламаға өзгерістер енгізілгеннен кейін Нұр-Сұлтан, Алматы (қала маңындағы аймақтарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны 25 млн теңге, Қарағанды қаласында – 20 млн теңге, қалған өңірлерде 15 млн теңгені құрайды. 

Бағдарламаны іске қосылғалы бері Қазақстан бойынша 15 000 отбасы 175 млрд теңге жалпы сомасына баспана сатып алды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды