- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтеді
Астанада Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтеді
«ҚазАгрода» хабарлағандай, ауыл шаруашылық өнімдерінің Астаналық форумы Инвестиция және сауда бойынша Венгрлік агенттігі (HITA) наурыз айында Будапештте ұйымдастырған шараға жауап миссиясы болады. Венгрлік әріптестермен кездесулер қазақстандық Холдингтің Қазақстан экономикасына инвестициялар мен технологиялар тартумен байланысты мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау мен осы саладағы республикамыздың Үкіметі қойған міндеттерді жүзеге асырудағы шараларының бөлігі болып табылады.
Венгр астанасында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі өкілдері қазақстандық АӨК инвестициялық мүмкіндіктері туралы, «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралары және «Инвестициялар туралы» Заң туралы сөз қозғап, сұрақтарға жауап берді. Форум барысында қазақстандық агросаладағы кәсіпорындармен жұмыс жасауға қызығушылық танытқан бірқатар компаниялармен екі жақты кездесулер өтті. Сонымен қатар, «ҚазАгро» мен EXIM Bank арасында Қазақстан территориясында АӨК саласында жобаларды инвестициялау бойынша бірыңғай қор құру туралы келісімдер жүргізілді. Венгрлік агробизнес өкілдерімен кездесу барысында «ҚазАгро» холдингі басшысы Дулат Айтжанов қазақстандық аграршылар Венгр елінің көп жылдық мамандануын ескере отырып, екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отырғанын атап өтті. Бізді қызықтыратын ет өндіру мен қайта өндіру, сонымен қатар көкөніс өнімдерін қайта өңдеу.
Венгр елінде өткен бизнес-форумда қазақстандық делегация осы елдің кейбір агроөнеркәсіптері жұмыстарымен танысты. Соның ішінде кәсіпкерлер ІҚМ бағу бойынша Hunland фермасын және көкөніс пен жеміс қайта өңдеу бойынша Mirelit Mirsa зауытында болды. Осыған орай, осы өндірушілердің өкілдері Астанада өтетін бизнес-форумға қатысу ықыласын білдіріп, қазақстандық әріптестермен өзара жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін талқылау үшін кездесуді жоспарлауда.
«Қазақстанда көкөніс өнімдерін өндірудің үлкен потенциалы бар. Жаппай астық жинау кезінде оның молшылығы бар. Сонымен қатар, маусым арасында сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз, қайта өңдеу де әлсіз дамуы байқалады. Сондықтан біз осы салаға да венгрлік технологияларды тартуға бағытталдық» - деп «ҚазАгро» Холдингі Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов Венгрияда өткен бизнесмендермен кездесуде атап өтті.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Covid-19 әлемде: Англияда рождество мерекесі локдаунда өтеді, Италияда бүкілхалықтық локдаун -
ЖОО-лардағы емтихандар қашан, қалай өтеді -
Елордада «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді -
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау процесі қалай өтеді, қанша қаржы бөлінді -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстанда жас отбасылардың фестивалі өтеді