• Басты
  • Жаңалықтар
  • 24-25 наурызда Н.Назарбаев ядролық қауіпсіздік бойынша Гаагада өтетін Саммитке қатысады

24-25 наурызда Н.Назарбаев ядролық қауіпсіздік бойынша Гаагада өтетін Саммитке қатысады

17 Наурыз, 2014 12:19
24-25 наурызда Н.Назарбаев ядролық қауіпсіздік бойынша Гаагада өтетін Саммитке қатысады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

«Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Нидерланды Премьер-министрі Марк Рюттенің шақыруымен 23-25 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік бойынша Гаагада өтетін Саммитке қатысып, Нидерландыда ресми сапармен болады», - деді А. Әбибулаев.

Спикердің айтуынша, сапар аясында Қазақстан Президенті Нидерланды королі Виллем-Александр және Премьер-министр Марк Рютте, сонымен қатар жетекші трансұлттық компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

«Кездесу қорытындылары бойынша саясат, экономика, технологиялар, ғарыш, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, білім салалаларында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп көзделген», - деді ресми өкіл.

Барлық жаңалықтар